«БЕДЕЛ» БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫНА ПАРТИЯНЫҢ САЯСИ ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

🇰🇿Бүгін «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «БЕДЕЛ» бастауыш партия ұйымында жиын өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның алғашқысы көшбасшы партияның саяси тұғырнамасын талқылау бойынша партияластар өз ойларын ортаға салды. Ал екіншісі «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының XLIV конференциясына делегаттар сайланды.

📌Басқосуда тарихшы Алғабек Әділбекұлы, саяси платформа жайлы баяндама жасап, аманаттықтар өз ұсыныстарын ортаға салды.

✅Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымының 5 мүшесі көпшілік дауыспен аудандық филиалдың XLIV конференциясына делегат болып сайланды.
#AMANATaimak

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.