Берік СҰЛТАН: … тал түсте қылмыс істеледі

Жұмыс жоқ болған соң көліктің айнасы ұрланады. Орташа жалақы 100 мыңнан асады деп, шетке жүнді қампайтып көрсетуге құмартқан соң ұрлық жасалады. Ұсталған адам оңай шығып кете алатын болған соң тал түсте қылмыс істеледі. Өзіңді қауіпсіз сезінбеген соң биік ғимараттың да, саябақ пен таза көшенің де керегі жоқ. Адам өмірі құнды қазына. Бізге азаматтардың мәдениетін арттыруға жұмыс істеу керек. Бірақ мәдениетті арттыру дегеніміз шетелден әнші шақыртып концерт беріп түрлі фестивальдер ұйымдастыру емес. Қорыққанды емес, кез-келген адамға адам деген көзқараспен қарау мәдениеті қажет. Иә, қылмыс барлық елде жасалынады. Бірақ тапа-пал түсте Алматыда өзгенің көлігінің айнасын ұрлап, оны байқап қалған көлік иесін пышақтап кету енді шектен шығушылық.

Alashainasy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.