БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА БАРМАҚ БАСТЫ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова облыстық Білім беруді дамыту орталығында өткен жиынға арнайы қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облысқа қарасты білім бөлімдерінің қызметкерлері мен колледж директорлары қатысқан шарада Нұржахан Абуова Үкіметтің №358 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқарудың негізінде қолға алынған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыт-4 жобасын таныстырып, негізгі бағыттарына тоқталды.

Сондай-ақ, 2021 жылы Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментімен тіркелген сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының 11-і білім беру саласына қатысты екендігін баяндап, өскелең жастың ертеңін қалыптастыратын білім беру саласында бармақ басты әрекеттердің туындауына жол бермеу қажеттігін атап өтті.

Нұржахан Абуовав 5 жыл уақыт аралығын қамтитын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында айқындалған негізгі аспектілерге тоқталып, өзгерістер мен жаңашылдықтар бойынша ақпарат берді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.