БИЫЛ КӨКБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Абай ауданына қарасты Көкбұлақ тұрғын алабында 418 отбасы қоныстанған. Елді мекенде 1 мектеп және 3 балалар спорт алаңшасы орналасқан.
Көкбұлақты инжинерлік инфрақұрылыммен қамту жұмысы кезең-кезеңіме атқарылуда.
🚰 2021 жылы елді мекен ауыз сумен толық қамтылды.
💡 Мемлекеттік жүйедегі электр қуаты өткен жылы тартылған.
🔥Табиғи газбен қамту үшін қазір құрылыс жұмысы жүргізілуде. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр.
🛣️ Елді мекенде жалпы 9 көше болса, бүгінде оның 4-і асфальт, 5 жолға тас төселген. 2023 жылы шағал тас төселген  Ағыбек ата, Үркінбай ата,  және Жомарт ата көшелеріне асфальт салынса, 2024 жылы Маңлай ата мен Жангелді батыр көшелері жаңарады.
🎇 Жуырда елді мекендегі Есбол қажы көшесіне жарықтандыру жұмысы жүргізілді.
🛰️ Сапалы интернетпен қамту мақсатында өткен жылы оптика желісі тартылған.
🚌 Бүгінде №146 және 180 бағыттағы қоғамдық көлік 21 минут аралығында қала орталығына қатынайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.