Біздің полиция — Айдана Тұрсын

Шымкент қаласы Полиция департаменті «Біздің полиция» жобасын жалғастырып жатыр.
Кезекті кейіпкеріміз — өз міндетін мінсіз атқарып, жас болса да бас болып жүрген Ішкі істер органының белді қызметкері Тұрсын Айдана Жақсыбекқызы.
Ол 1997 жылы шырайлы Шымкент қаласында дүние есігін ашты. № 54 жалпы орта мектебін үздік аяқтап, мектеп бітірген соң қаламыздағы Аймақтық әлеуметтік Инновациялық Университетіндегі “Дене шынықтыру” мамандығына оқуға түсіп, саланы меңгеріп шығады.
Айдана Жақсыбекқызы өзінің жігері және жүрегінде түгі бар мықты бапкерлер еңбегінің арқасында 2016 жылы жастар арасында өткен жарыста бас жүлдеге ие болған. 2017 жылы 22-23 желтоқсан аралығында елімізде Жеңіл атлетикадан өткен жарыста I орын алып, жеңістің тұғырынан көрінген. Сондай-ақ, 2019 жылы шетел асып , Бішкек қаласындағы Халықаралық жарыстан 400 метрге жүгіру бәйгесінде топ жарып, II орынды еншілеген. 2019 жылы Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша 100 метрлік жолақтан өту жарысында әйелдер арасында II орынды қанжығасына байлаған. 2020 жылы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында әйелдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша 100 метрлік жолақтан өтуден II орыннан көрініп, жеңістің төрін бағындырған.
Бүгінде жас полицей — Қазақстанның спорт шеберіне үміткер, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Халықаралық жарыстардың жүлдегері.
Ендеше, Айдана Жақсыбекқызы алдағы уақытта спортпен қызметті ұштастырып, межелі жетістіктерге жетеді деген сенім мол.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.