БҚО-да өрт кезінде 200 бас мал тірідей жанып кетті (видео)

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Талдыапан ауылына жақын маңда даладағы өрт кезінде 100 ешкі мен 90 қой өртеніп кетті деп хабарлайды stan.kz порталы.

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

“30 шілде, 13:30-да Талдыапан ауылынан 17 шақырым жерде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабар келіп түсті. Өрт кешкі 21:00-де сөндірілді. Өрттің шарпыған аумағы анықталып жатыр. Өрт кезінде 100 ешкі мен 90 қой жанып кеткен. Алайда, бұл әзірге шамамен анықталған ғана сан. Өртеніп кеткен малдың нақты саны жуық арада хабарланады”, – деді Нұргүл Мұқанова.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.