Чехия өнертапқышы суда жүретін шағын автобус жасап шығарды

Чехияда Роберт Шубик есімді өнертапқыштың шағын автобусы суда жүзеді. Mercedes Sprinter көлігінің иесі бұл жаңалық туристік компанияларға көп мүмкіндік ашады дейді. Амфибия автобусқа 12 жолаушы сыяды. Саяхатшыларға қолайлы болу үшін төбесін де ашуға болады. Ал бұл іспен 2008 жылдан бері айналыса бастаған Шубик шағын автобусқа қайықтың моторын орнатуды тек өткен жылы бастағанын айтады. Өнертапқыш көлікті суда жүргізуге 8 мың сағат уақытын арнапты. Енді дөңгелектері бар үй жасап шығаруды жоспарлап отыр.

Роберт Шубик, өнертапқыш: – Мұндай автобусты жүргізу моторлы қайықты басқарудан қиын емес. Оның бір ғана ерекшелігі көліктегідей жылдамдықты реттеп, қалақтардың қозғалысын бағыттау үшін рульды айналдырып отыру керек.

24.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.