Дін

Адамзат тарихында діннің көптеген түрлері бар. Олардың барлығы адамның дін туралы әр түрлі көзқарастарынан туындайды және жоғарғы құндылыққа жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Себебі діндер мен діни ағымдар дінге өздерінің түсініктерін берген. Осы тұрғыдан алғанда діннің ұғымдары әртүрлі болғанымен олардың мәні ұқсас болып келеді.
Дін дүниені түсінудегі және қоғамның, индивидтің жоғарлауында, өмірдің мағынасын мойындаудағы адамдардың бірліктерін бекітудегі ең бір қажетті форма.
Дін – қоғам өмірінің ерекше рухани саласы. Дін – адамдардың Жаратушыға сенім-нанымдарын білдіретін және сол Жаратушыны тануға арналған ілімдер жүйесі.
Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, идеялардың, әрекеттердің жиынтығы.
Соңғы уақыттағы жат ағымдардың кері әсерінен дәстүріміздің дінге қайшы тұстары көп айтылып жүр. Дәстүрлі дін мен салт-санамыздың ара жігі неге ажырап бара жатыр. Дін мен дәстүр арасы қандай болуы керектігі мәселесі уақыт тудырған проблемалардың бірі. Қайндай дін болмасын егер сол елдің мәдениетімен, дәстүрімен сіңіспесе қатерге айналады.
Қазақстанға дәстүрлі дін Ислам, Сүниттік бағыты, Имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабы.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.