Диверсияға қарсы күрес – басты назарда

Қарулы Күштердің әскери полиция бас басқармасының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент гарнизонының механикаландырылған құрамасында әскери полиция өкілдерінің жетекшілігімен жеке құрамға диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту мақсатында нұсқаулық-әдістемелік сабағы өтті.

 

Нұсқаулық-әдістемелік сабақтың мақсаты әскери бөлімдерге шабуылдаудан уақытылы сақтандыру, бөлім аумағына бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдармен басқада әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Сабақ барысында  қазіргі кездегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, тәуліктік кезекшілік кезінде жеке құрамның қызметін жақсартудың жекелеген іс-шараларын орындау жөніндегі мәселелер, әскери объектілердің диверсияға қарсы қорғалуын арттыру, автокөліктерді, келушілерді және бірге жүретін адамдарды тексеру, әр түрлі жағдайларда диверсияның жолын кесу, оларға шұғыл, батыл және үйлесімді іс-қимылдарға ұдайы әзірлікте болу қажеттілігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, кезекші бөлімшелер мен жедел әрекет ету топтарының  құрал – жабдықтары менкіші жаяу әскер күрегібасты назарға алынды. Оларға, әскери қызмет барысындақару қолдану тәртібі мен армиялық қоян-қолтық ұрыс элементтерімен өзін-өзі қорғау тәсілдері көрсетілді.

— Қызмет өткеру барысында әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығы басты назарда. Осы орайда, әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен бөлімнің жауынгерлік әзірлігін жоғары ұстаудың негізгі жолдарының бірі жалпыәскери жарғылар мен басқа да басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес әскерлер қызметін ұйымдастыру болып табылады, — дейді сабақ жетекшісі майор Серік Аманжол.

Сабақ соңында майор Серік Аманжол: «Нұсқаулық-әдістемелік сабақтың нәтижесінде барлық санаттағы командирлер мен олардың жеке құрамы барынша теориялық және практикалық тұрғыдан білімдерін жетілдіріп, тәжірибелерін арттыратындығын» ерекше атап өтті.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.