Доллар бағамы төмендеді

QAZYGURT.KZ: Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 376,23 теңге болды,

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,39 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 375,5 теңге, ал ең жоғарысы — 377 теңге болған. Сауда көлемі 57,9 млн долларға жетті. Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 376,62 теңгені, күндізгі сессияда 376,79 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 376,73 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі — 130,85 млн доллар.

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.