«ЭКСПО-2017» көрмесінің 2 миллионыншы қонағы тіркелді

Әлемнің 115 мемлекеті қатысып жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген 2 миллионыншы қонаққа құрмет көретілді, — деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Кеше кешкі сағат 20:21-де ЭКСПО-ның төрт өткізу бекетіне орнатылған бейнебақылау камералары мен есептеуіштері 2 миллионыншы келушіні тіркеген. Ол – Орал қаласының тұрғыны, өндірістік сала қызметкері Ғайса Жұмалиев. Ол өзін көрменің 2 миллионыншы қонағы боламын деп күтпеген.

«ЭКСПО-2017» медиа-орталығында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 2 миллионыншы қонақты өзі құттықтады. Ол Ғайса Жұмалиевке бағалы сыйлықтарды табыстады.

Айта кетелік,  Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2,5 млн адам келеді деп жоспарланған болатын.

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.