Елдос Нәшірәлі: Жаңа заң жобасы БАҚ-тың жұмысын жеңілдетеді
Бүгін Астанада жаңа БАҚ туралы заң талқыға салынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Шараға ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев та қатысты. Ол аталмыш заң жобасына келіп түскен 200-ге жуық ұсыныстың 70%-ы министрлік тарапынан қарастырылып құжатқа енгізілгендігін айтты.
Осы орайда аталмыш ведомствоға қарасты БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Елдос Нәшірәлі жаңа жобасы аясында алдағы уақытта қандай заңдарға өзгерістер енгізілетіндігін жеткізді. Оның айтуынша, жаңа құжат БАҚ-тың жұмысын жеңілдетеді.
«Заң жобасында 4 кодекс пен 12 заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Заң жобасы 250-ге жуық өгертулерден тұрады. Аталмыш құжатта БАҚ-тың жұмысын жеңілдетуге бағытталған нормалар көп. Олардың ішінде экономикалық жүктемені жеңілдету мәселесі қамтылған. Яғни ұсақ заң бұзушылық бойынша тиражды тәркілеу, БАҚ-тың жұмысын тоқтата тұру деген нормаларды алып тастауды ұсынып отырмыз», — деді ол.
Сонымен қатар директор БАҚ туралы құжатта балалардың құқығын қорғауға бағытталған норманың бар екендігін алға тартты.
«Қоғамда қызу талқыланып жүрген мәселелердің бірі балаларды қорғауға қатысты. Соңғы уақытта отандық БАҚ-та балалардың суреті жиі жарияланатын болды. Мен зорлық-зомбылықтың зардабын тартқан балаларға қатысты фотолар туралы айтып тұрмын. Ал бұл жағдай баланың болашағына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ашығын айтқанда, бұрыңғы заңда олардың (балалардың –автор) құқығын қорғайтын нормалар болған жоқ. Сондықтан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі осы мәселені өз бақылауына алып, заңға осы норманы енгізуді қарастырып отыр», — деді Елдос Нәшірәлі.
Айта кетейік, қазіргі таңда аталмыш заң жобасы Үкіметтің қарауында жатыр.
[…] Айта кетейік, сегізінші раундта Чавестің сол көзі соққыдан ісініп, толықтай жабылып қалуға аз қалды. […]