Елімізде +20 градусқа дейін күн жылынады

QAZYGURT.KZ: Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы +20 градусқа дейін жылынады.

12 -14 наурыз аралығында еліміздің аумағында ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды. Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, республиканың біршама өңірлерінде термометр бағаны сегіз градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 12, 20 градусқа дейін көтеріледі.

Бұл температура климаттық норманы 4,10 градусқа арттырады. Алайда, алдағы бірнеше күнде солтүстік және батыс өңірде тұман мен көктайғақ, сондай-ақ, нөсер жауын болуы мүмкін.

12-13 наурыз күндері Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл күндері өңірде боран, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.