Еліміздің үш облысында ауа райы қолайсыз болады

QAZYGURT.KZ: Еліміздің үш облысында және Шымкент қаласында ауа райы қолайсыз болады. 20-22 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. 20 ақпанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыс, батыс бағыттан жылдамдығы 15-20 м/с-ке жететін жел соғады. Дауылдың ықтималдығы — 95-100%. 20 ақпанда Түркістан облысының кей жерлеріне жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыс, батыс желі соғып, оның жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады.  Түркістанда 20 ақпанда оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Шымкентке 20 ақпанда қатты жауын-шашын түсіп, жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғады. Дауылдың ықтималдығы — 95-100%. 20 ақпан күні түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с сақталады. Сол күні Ақтау қаласында түнде көктайғақ болады.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.