Ердоған Назарбаевқа шын жүректен алғысын айтты

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының басшысы Реджеп Тайып Ердоған екіжақты кездесу өткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы  Қазақпарат — қа сілтеме жасап.

Сол кезде Ердоған қазақ жеріне жасаған алғашқы сапарын еске алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында ресми сапармен келіп отырғаныма өте қуаныштымын. Мен өзім Қазақстанды алғаш рет Алматы қаласы арқылы таныған едім. Содан бері көп нәрсе өзгерді. Астана құрылды. Бұл — біздің екінші үйіміз. Қазақстанға келсек, өз үйімізде жүргендей болып сезінеміз», — деді Реджеп Тайып Ердоған.

Сондай-ақ, Ердоған Назарбаевтың түркі әлеміндегі рөлі ерекше екенін атап өтті.

Реджеп Тайып Ердоған өткен жылы Түркияда болған саяси шиеленісті еске алып, осы оқиғадан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың бірден келгені үшін өз ризашылығын білдірді.

«Осы сапардан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемінің құрметті ақсақалы ретінде өзінің рөлін күшейте түсті… Бізге қолдау жасаған Қазақстан басшысына тағы бір мәрте шын алғысымды айтамын», — деп атап көрсетті Ердоған

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.