ЕРЕКШЕ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ РӘСІМДЕР

* Ирландияда бойжеткен қыздар Жаңа жыл түнін асыға күтеді. Сол түні болашақ жары тезірек келуі үшін олар жастығының астына омела бұтасының жапырақтарын қойып жатады. Бұл жас қызды өмірлік сәтсіздіктер мен жаман тағдырдан сақтайды деген сенім.

* Данияда бұл түні ыдыстарын көршісінің есігіне ұрып сындыру дәстүрі бар. Бір қызығы, бұл көршісінің ашуын емес, қуанышы мен ризалығын тудырады. Өйткені, есігінің алдында сынған ыдыс қаншалықты көп болса, алдағы жылы соншалықты жолы болады деп есептеледі.

* Мексикадағы ерекше дәстүрдің бірі – рухтармен сөйлесу. Жаңа жыл түні марқұм туыстарынан кеңес алуға ең қолайлы уақыт саналады.

* Эквадорда сабаннан тұлып жасап, оны түн ортасында жағу дәстүрі бар. Жергілікті халық жанған тұлыппен бірге барлық жамандық кетеді деп сенеді.

* Шотландияда жылдың соңғы күнін Хогмана деп атайды. Бұл күні отты шарлар фестивалі өтеді. Дәстүрге сай отты шарлар рухани тазаруға алып келеді деген наным бар.

* Филиппинде Жаңа жыл түні көшеге шығатын адамдардың бәрі бұршақ суретті киім киеді. Ал алаңның ортасына дөңгелек үстел қойылып, мол жеміс-жидек ұсынылады. Филиппиндіктер үшін жеміс – молшылықтың, ал бұршақ суреті – тиынның, яғни байлықтың белгісі.

* Америкада жаңажыл түні сүйіктісін, егер ол болмаса басқа біреуді сүю дәстүрі бар. Бұл алдағы жылды естен кетпестей әсерлі етеді деген сенім бар.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.