Гарнизондарда әскери қызметшілер отбасыларының белсенді демалысы үшін жағдайлар жасалуда

Еліміздің әскери қалашықтарында он тоғыз әмбебап спорт және тоғыз балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұл әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына Тәуелсіздік күніне арналған тамаша сыйлық.

Қорғаныс министрлігі әскери қалашықтардың инфрақұрылымын абаттандыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді.

Спортпен шұғылдану үшін мүмкіндіктер жасалған, ал бұл дене белсенділігінің дамуына және салауатты өмір салтын нығайтуға ықпал етеді.

Спорт алаңдарда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері бос уақытын денсаулыққа пайдалы және спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыра алады, шағын футбол, волейбол және баскетбол ойнай алады.

Күш пен ептілікті үйрету үшін арнайы тренажерлер бар. Балалар алаңдарында ашық жылжымалыойындармен ойнай алатын құрылыстар орнатылған.

Жаңа нысандар заманауи берік материалдардан жасалып,  қауіпсіздік талаптарын ескере отырып орнатылды. Осындай құрылыстарды жасау әскери қалашықтарда, гарнизондарда тұру үшін қажетті қолайлылықты қамтамасыз етеді, бұл әскери қызметшілердің қызметтік іс-әрекетінде белсенділіктің артуына ықпал етеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.