Геннадий Головкинге сүйген жары қыз сыйлады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің екінші сәбиі дүниеге келді деп жазады NUR.KZ.
Бұл туралы Головкиннің жақын досы әрі экс-депутат Мұхтар Тінікеев хабарлады.
Сауль Альвареспен өтетін маңызды жекпе-жек алдында Головкин қыз баланың әкесі атанды.
Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында Головкин францияның L»Equipe басылымына берген сұхбатында әйелінің жүкті екенін, сонымен бірге, АҚШ-та өзіммен бірге бауыры әрі команданың бір бөлшегі, бапкер Максимнің жүргенін айтқан болатын.
— Қасымда әйелім мен балам да бар, ұлым америкалық мектепте оқып, әрдайым қуантып жүр. Әйелім жүкті. Екінші баланы күтіп жүрміз, — деген еді.