Геннадий Головкинге сүйген жары қыз сыйлады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің екінші сәбиі дүниеге келді деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы Головкиннің жақын досы әрі экс-депутат Мұхтар Тінікеев хабарлады.

Сауль Альвареспен өтетін маңызды жекпе-жек алдында Головкин қыз баланың әкесі атанды.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында Головкин  францияның L»Equipe басылымына берген сұхбатында әйелінің жүкті екенін, сонымен бірге,  АҚШ-та өзіммен бірге бауыры әрі команданың бір бөлшегі, бапкер Максимнің жүргенін айтқан болатын.

— Қасымда әйелім мен балам да бар, ұлым америкалық мектепте оқып, әрдайым қуантып жүр. Әйелім жүкті. Екінші баланы күтіп жүрміз, — деген еді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.