ДІНИ ТЕРРОРМЕН КҮРЕС САЛАСЫ

Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде терроризм, сепаратизм, жалпы экстремизм түрлерімен, оның ішінде діни экстремизммен Халықаралық заңдарға сәйкес, Халықаралық ұйымдар шеңберінде күресіп келеді.

Діни экстремизммен күресуде ең басты тізгінді әлбетте – құқық қорғау органдары алады. Себебі арнайы қызмет органдары (ІІМ терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресу комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы бөлімшесі) бар. Әрі материалдық-техникалық, қажылық, кадрлік әлеуеті бар болғандықтан негізгі күш осы органдарға түседі.

Ішкі істер Министрлігінің Терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес комитеті басшылығымен, барлық ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелері діни экстремизмге қарсы пәрменді жүргізуі тиіс. А.Д. Дәрменов, С.Н. Поминов және көптеген ғалымдар осындай пікірді ұстанады.

А.Д. Дәрменов бұл жөніндегі ұсынғандағы сүйенетіні, біріншіден, бұл органдар арнайы заңды қаруланған құрылым, екіншіден, оларда оперативті-іздестіру әрекетін жүргізе алатын, яғни арнайы құзыреті бар. Үшіншіден, бұл арнайы құрылымдар (ІІМ және ҚР ҰҚК) экстремистік ұйымдардың әрекеттерінің жолын кесуге нақты шаралар қолдануға мүмкіншіліктері бар. Жоғарыда айтылғандай барлық материалдық-техникалық, қаржылық, кадрлік әлеуеті бар огандар болып табылады.

Бұл жерде діни экстремизмнің құбылыстарына қарсы күрес аясындағы негізгі ұстанымдар мен бағыттар айқындалды. Енді құқық қорғау органдары ішіндегі діни экстремизммен тікелей күресуші субьекті – ішкі істер органдары болып табылады.

Діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес аясында ішкі істер органдары қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуі тиіс. Яғни заңға қайшы діни экстремистік әрекеттерді ескерту, алдын алу, болдыртпау,  жолын кесу және профилактика аясында ішкі істер органдары мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде және де ведомствалық нормативті актілерде, бұл органдардың қызметінің принциптері туралы айқын көрінуі қажет.

Діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес аясында ішкі істер органдарының аса маңызды қызмет бағыттарының бірі, әрі ішкі істер органдарының оперативтік мүдделерінің бірі, тұлғалар мен фактілерді анықтау болып табылады.

 

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.