Қ.ИСА, ақын: Министрдің айлығын 16 мың теңге ету керек

Егер мына қапыда қаза тапқан бес балаға тиесілі он мың ғана теңгенің орнына әр балаға Ресейдегідей миллиондап емес, кемінде 30 мыңдай ғана төлегеннің өзінде, айына бес балаға 150 мыңдай теңге алар еді де, түнгі ауысымға жұмысқа шықпай-ақ, бала тәрбиесімен отырар еді-ау… Сонда бес бала –болашақ бес отбасы, бес ауыл аман қалар еді…

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова тіпті «Алтын Алқа», «Күміс алқа» иелерінінің барлық баласына ай сайын алатын 16 мың теңгесін ауыз толтырып айтып, «Көп балалы аналар мемлекеттен бірнеше миллион теңге жәрдемақы алады, ешбір ел аналарға мұндай жасамаған» деп, бүлк етпей соғып отыр… Иә, Қазақтың тілін де, тірлігін де білмейтін, бірақ Қазақ министрі болып отырған ( бізден басқа бір елде болмайтын парадокс) Мәдина ханым тура солай деп ресми мәлімдеме жасады.

«ҚҮ»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.