Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова отбасы жайлы жаңа деректерді айтты

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова отбасы жайлы жаңа деректер мен фотоларды инстаграмм желісі арқылы бөлісті, деп хабарлайды qazygurt.kz.  «Ең алғаш ана бақытын сезінген кезім. Қызымыз Сезім. Қайрат екеуміздің қуанышымызда шек жоқ,бірақ жас болдық, әке анамыз деп айтуға ыңғайсызданамыз. Өмір осылай жалғасын тауып қазір Аллаға шүкір екі ұл екі қызымыз бар. Бақытты отбасылардың қатарындамыз шүкір. Осының бәрі әуелі Алла, одан кейін қарапайым xалықтың арқасы, Қайратты көтерген шынайы жанашыр тыңдармандары. Сіздерге көп рақмет. Мен 10 жыл бойы көрінбей тығылып жүрмедім, уақыты келгенде көрсетерсің деп жүрдік. Ел Қайраттың үйленген-үйленбегенін нақты білмей қалды, Қайратқа деген, оның отбасына, шығармашылығына деген қызығушылық арта түскен сайын біз де өнеріне балта шаппайық деп тек тілекші болып келдік. (Айта берсек әңгіме көп, қалғанын келесі постта жазамын) Күтіңіздер. Жұлдыз Әбдікәрімова»- деп жазды ол.

Соңғы кездері Қайрат Нұртастың жұбайы  Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желілерді еркін пайдаланып, отбасы туралы кеңінен бөлісіп жүр. Тағы бірде,  «Қанша балаң бар деген сұрақтарыңызға жауап берейін! Алла Тағала берген 4 балам ар 2 қыз, 2 ұл, Сезім, Алау, Нарұл және кішкентайым Хан!», — деп жазба қалдырған. Бір ғана инстаграмм желісінің өзінде Жұлдыз Әбдікәрімованың фотосуреттері қойылып ашылған бірнеше парақшалар бар, жазылушылар саны да әжептеуір. Парақшаларында негізінен Қайрат Нұртастың, ұл-қыздарының, отбасылық кештерде бас қосқан және демалыс сәттерінің фотолары салынған.
Дереккөз: qazygurt.kz.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.