Карантин режимін бұзған караоке клубы анықталды

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 25-мамырында сағат 22:21-де аудан аумағында орналасқан «GQ» караоке клубыкарантиндік шектеулерді бұзып, жиын өткізіп жатқанын анықтады. Нақтырағы, 1 үстелде 12 адамнан асатын келушілер әлеуметтік арақашықтықты сақтамай отырғандығы белгілі болды.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын ескермей жұмысын жалғастырған клуб әкімшісі түсініктеме беруден бас тартқандықтан, акт түзілді.  Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыға бағынбай, әлі күнге той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын қатаң ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.