ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

29-қазан күні Шымкент қаласында қарияларға мерекелік дастархан жайылды. Алдыңғы толқын ағаларымыз бен аяулы апаларымызға 1-қазан Халықаралық Қарттар күніне орай құрмет көрсетілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Ғабит Әбдімәжитұлы қарттарды алдағы келе жатқан мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мұнан соң бірнеше қарттар марапатталып,  иықтарына шапан жабылды. Олардың қатарында Медеу Шерімов,  Бегалы Әбдуәлиев,  Орынбай Рахманбердиевтер бар.

Шарада Хадиша Шалабаева,  Астана Қарғабай тағы басқа әншілер әннен шашу шашса,  қаладағы мәдени орталықтың оркестерлері күй күмбірлетті.

Мерекелік дастарханға құрметті қонақ ретінде шақырылғандардың қатарында Төлебай Қараменов, Мейізкүл Сахова, Шәмші Қалдаяқовтың қарындасы Райхан, Ағабек Қазанбай, Жәнібек Әбуовтер болды. Шымкентте 3 Ұлы Отан соғысының ардагері,  2 мыңнан астам тыл ардагері, 88 мыңнан астам зейнеткер бар.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.