Қазақ тілі үшін туған қызымен араласпай кеткен

QAZYGURT.KZ:  Руза Бейсенбайтегі қазақ тілі үшін өзінің туған қызымен араласпайды. Павлодар қаласының тумасы алғашқыда өзі де орыстілді болған. Алайда «Желтоқсан оқиғасы» уақытында ұлттық намысы оянып, қазіргі қоғамда қазақ тілінде сөйлеу керек деп шешкен.

Бұл туралы 7-арнаның «Өз ойым» бағдарламасында айтты. «Қызымды қатты кінәламаймын, өзімді кінәлаймын. 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Үш қызым бар. Олардың әкесі бір, ол кісі марқұм болып кетті. 19 жасымда тұрмысқа шыққан кезімде тек қана орыс тілінде сөйлейтінмін. 20 жасымда тұңғыш қызымды дүниеге әкелдім. Орыс тілі ананың сүтімен дарыған сияқты. Әкесі де орысша сөйлейтін. Менің санам оянғанда ол түсінбей: «Сен ұлтшылсың», — деді», — дейді Руза Бейсенбайтегі.

Қызы анасының таңдауына қарсы шықпағанымен, өз баласын орыс мектебіне берген. Осы тұста әйел қызымен байланысын үзген.

 

АҚПАРАТ көзі: jasqazaq.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.