Қазақстан семіздік бойынша бірінші орында

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен ауырады, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі zhasalash.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қазақстан бірнеше жылдан бері Орталық Азияда семіздік бойынша бірінші орында келе жатыр. Елдегі әрбір төртінші ер адамда артық салмақ бар және олардың семіздігі әлемдегі орта шамадан екі есе жиі кездеседі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен ауырады.Мамандар артық салмақ жинаған азаматтар саны соңғы жылдары жылдам өсіп келе жатқанын айтады. Мәселен, ресми деректер бойынша, семіздікке шалдыққандар көлемі 10 пайыздан 15 пайызға көбеюіне 15 жыл кетсе, сырқаттанған қазақстандықтар үлесінің 15 пайыздан 20 пайызға артуына жеті жыл ғана жеткілікті болған», деп жазады басылым.

«Статистикалық талдау жасаған кезде семіздік көрсеткіші мен жалпы ішкі өнімнің арасындағы тура байланыстың бар екенін байқауға болады. Яғни елдегі экономика өскен сайын, семіздіктің қоғамдағы үлесі де артып отырған. Қазақстанды Орталық Азия елдерімен салыстырсақ, онда жалпы ішкі өнімі ең жоғары біздің ел бірінші орында, ал Тәжікстан секілді кедей елдер ең төменгі орында орналасқан», – дейді Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев.

Ал, диетолог Нұрбану Жәлімбетова мұнымен келіспейді. Оның айтуынша, тұтынушылардың таңдауы қымбат астан тойымды тағамға ауыса бастаған.

«Жеміс-жидек, балық секілді тауарлар өте қымбат. Халық табысы азайған соң пайдалы, бірақ қолжетімсіз азықты емес, тойымды әрі арзан өнімдерді жиі тұтына бастады. Көкөніс пен жеміс-жидек жейтіндер азайып, макарон, картоп пен нан өнімдерін, консервіленген асты сатып алатындар көбейген. Ал олардың семіртетін тағамдар екені белгілі», – дейді маман.

 

 Дерексөздер Baq.kz сайтынан алынды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.