Қазақстанда «резіңке» асфальт төселініп жатыр

Көкшетау-Кікенекөл трассасы мен Алматы облысы Райымбек ауданындағы Жалаңаш-Көлсай трассасында рәзеңкеден жасалынған қаптамамен асфальт төселініп жатыр., деп хабарлайды naryk.kz.

Аталған жаңа технологияның қаншалықты төзімді болатыны 2018 жылдың алғашқы жартысында белгілі болмақ. Ал қараша айында осыдан шыққан қорытынды бойынша рәзеңке-асфальттыбетон технологиясының қаншалықты өндіріске енгізуге болатыны туралы шешім қабылданады.

Аталған рәзеңке ескі шиналарды қайта өңдеу арқылы алынып отыр. «Рәзеңке асфальттар» қазір АҚШ пен бірқатар Еуропа және Азия елдерінде кеңінен қолданылады.

Қазақстанда жыл сайын 80 мың тонна ескі дөңгелек шиналары қоқысқа тасталады. Соның ішінде тек 20 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.