Қазақстандағы бесінші Алтын адам табылды

Бұл туралы Сакралды Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның киелі жерлерінің картасын дайындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысында жүрген Берік Әбдіғалиұлы қазақ елінен сүйінші сұраған жаңалығымен бөлісті. Ол өзінің фейзбуктағы парақшасына ШҚО Берел қорғандарынан тағы бір Алтын адам табылғанын жариялады.

 

 

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым» — деп жазды Берік Әбдіғалиұлы

Берік Әбдіғалиұлының жариялаған суреттерінен байқағанымыздай бұл жерге жерленген Алтын адам ежелгі салт бойынша мінген атымен бірге жерленген. Бұл Қазақстан аумағынан табылған бесінші Алтын адам.

 

дерексөздер baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.