Керек дерек
- Өміріңізді ұзартқыңыз келсе
Испандық диетолог Хуан Руно ұзақ жылдар бойы адам өмірін ұзарту жөніндегі ғылыми зеріттеулер жүргізіп мынандай тұжырымға келген.
Адам күніне 40 грамм зәйтүн майын (оливкое масло) пайдаланса, оның өмірі 20-30 жылға ұзарады екен. Себебі, зәйтүн майының құрамында емдік қасиеті жоғары поливенол адамның холестерин мөлшерін азайтып, ішкі құрлысы ақауларын ретке келтіреді екен.
Таңертең ашқарынға күніне 1 рет 40 грамм зәйтүн майын ішіп, артынан 60 грамм нан жеу керек. Мұндай емдік қасиеті бар зәйтүн майын таңдағанда түсі ашық сары аралас жасыл түстес болғаны жөн.
- Есте сақтау қабілетіңіз нашарласа…
Әр адам күніне екі мезгіл (таңертең және кешке) 1 стакан сүт ішіп тұратын болса, онда оның есте сақтау қабілеті жоғарлайды. Сүт құрамындағы амин қышқылы мен дәрумендер мидың ойлау қабілетін артырып, шыңдай түседі екен.
- Қатты шаршасаңыз…
Күнделікті тіршілік мәселелерін ойлай беріп, әлде үйдегі у-шудан немесе жұмыстан қатты шаршасаңыз, дәріханалық түймедақ пен жалбыз және валерианның әрқайсысының 2 ас қасығын жарты литр ыстық суға салып араластырып, 2 сағат тұндырып қойып ішіңіз де тынығып жатыңыз. Таңертең ұйқыдан тұрған соң тұнбаның тағы да бір стаканын ішіп алыңыз. Содан кейін шаршағаныңызды да сап тияды.
- Қорылдайтын болсаңыз…
Зәйтүн майын сатып алып күнде жатар кезде мұрын қуысына бір тамшыдан тамызып, бір апта жасаңыз. Содан кейін қорылдаудан құтыласыз.
- Әлсіздік пайда болса…
Бес дана алманы турап, үстіне 1 литр қайың шырынын құйып, 10 минут баяу отта қайнатып, 200 гр күніне 3 рет ішіңіз. Бұл тек иммунитетті күшейтіп қана қоймай, жөтел, бас ауруына, қан аздыққа, ұмытшақтыққа, іш кеуіп қатқанда зор көмегін тигізеді.