Керек кеңес. Бордың да пайдасы көп
* Жаңа түскен майлы даққа бор жағып, 10 минутқа қалдырып қойыңыз. Сосын әдеттегідей жуып алыңыз.
* Ақ түсті жейдені жуар алдында жағасына бор жағып қойыңыз. Бұл матаның әппақ түсін сақтайды және жағаның бүктелген жерінің желініп кетуін болдырмайды.
* Күдері аяқкиімдегі майлы дақ та бордың көмегімен тез кетеді. Ол үшін жай ғана түнге қарай аяқкиімдегі дақтың үстіне аздап бор жағып қойыңыз, таңертең дақтың ізі де қалмайды.
* Төсекжайма, сүлгілер жиналған сөреге бір кесек бор салып қойсаңыз, артық ылғал мен жағымсыз иістерді тартып алады. Борды айына бір рет ауыстырып тұру керек.
* Әшекей бұйымдар салынған тартпаға бір кесек бор салып қойыңыз, сонда әшекейлер қараймайды.
* Құрал-сайман салынған жәшіктегі бор оларды тот басудан сақтайды.
* Қабырғадағы дақтар мен жапырылған жерлерді бордың көмегімен байқалмайтындай етуге болады.
* Құмырсқалар ақ сызықтарды жек көреді. Сондықтан, құмырсқа келуі мүмкін жердің бәріне бормен сызық жүргізіп қойыңыз.
* Егер кілт құлыптың ішінде әрең айналатын болса, кілттің басына бор жағып қойыңыз. Сонда бор құлыптың ішіндегі артық ылғал мен кірді өзіне тартып алады да, кілт жақсы бұралатын болады.