ҚР-НЫҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Н.ӘБДІРОВ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы  Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында  ағымдағы жылдың  5 қарашасына еліміз бойынша пилоттық режимде 45 аудандар мен қала әкімдерінің сайлауы тағайындалған. Оның ішінде Мақтаарал ауданы әкімінің сайлауы да бар.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аудан әкімінің сайлауын өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітіп, қазіргі таңда тіркелген кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Саяси науқанға байланысты бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, ауданның аудан әкімі сайлауына дайындығын пысықтады.

Ең алдымен төраға ауданымыздағы бірнеше учаскелік сайлау комиссиясының жұмысымен танысып, аудандық сайлау комиссиясының және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне  семинар-тренинг өтті. Мұнан соң аудандық жастар орталығының үлкен залында аудан тұрғындарымен кездесіп, тұрғындарымыздың аудан әкімін сайлауы туралы ұсыныс-пікрлерін тыңдады.

«Біздің келгендегі мақсат та өңірлерде,  аудандардағы пилоттық режимде өтетін аудан әкімінің сайлауына дайындық мәселесін,  сайлау учаскелерінің жарақтандырылуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауда дауыс беру құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктіліктерін арттыру, қорыта айтқанда сайлауға дайындық мәселесін одан әрі пысықтай түсу, сайлау өткізу барысында заңдылықтардың қатаң сақталуын мүлтіксіз қамтамасыз ету» — деді, Нұрлан Мәжитұлы.

ҚР ОСК төрағасы іс-сапары барысында аудандық кітапханада жастармен кездесті. Ол жастарымызға елімізге деген сүйіспеншілікті арттыру керектігін, қоғамдық өмірден тыс қалмау, яғни «Сөзіңмен мазалама, ісіңмен көрсет» деген қағиданы ұстану қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, аудан жастарын алдағы саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

Іс-сапарының соңында Нұрлан Мәжитұлы 2023 жылдың 5 қарашасына тағайындалған Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің сайлауын пилоттық режимде өткізу мәселелері бойынша кең көлемде ашық кеңес өткізіп, ауданымыздың сайлауға дайындығын қорытындылады.

Жиын барысында сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасы, құрал жабдықтармен қамтамасыз  етілуі, сайлаушылар тізімдерімен жұмыстың жүргізілуі жөнінде аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, сайлауды өткізу барысында заңдылықтарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудан прокуроры,аға әділет кеңесшісі Айтболат Досаев, қоғамдық тәртіпті  қамтамасыз ету мәселелері бойынша  аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Есімжан Надиров, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаевтар сөз сөйледі.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 62 сайлау учаскесі, 1 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бар. Оларда жалпы 409 сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс істейді. Аудан бойынша 70 648 сайлау құқығына ие азаматтарымыз бар.

Барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал жабдықтармен толық қамтылған.

Мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін 61 сайлау учаскелері арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, тактилді жолақтармен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен толық жабдықталған. Сонымен бірге, сурдо-тифло аудармашы 9, тасымалдау қызметімен 3 инватакси, 4 әлеуметтік таксилерімен  сайлау учаскелері қамтамасыз етілетін болады.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.