ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы 7 жарым жылға сотталды
Бұл туралы Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.
Сот шешіміне сәйкес, Дүтбаев мемлекеттік құпия мәліметтеді жариялағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ ауазымдық міндетін асыра пайдаланғаны үшін оған 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды. Ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді. Сонымен қатар «генерал-лейтенант» шені мен мемлекеттік марапаттарынан айырылды.
Дәл осындай айыппен Мұратов Райс кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді.
Хасен Нұрлан мемлекеттік құпия мәліметтерді жариялағаны үшін және лауазымдық міндетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік марапаттарынан айырылып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан шеттетілді.
Нұртаев Ерлан мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға сотталды. Ол да мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы мен Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы 2016 жылдың 26 желтоқсанында ұсталған еді.