ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы 7 жарым жылға сотталды

Бұл туралы Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.

Сот шешіміне сәйкес, Дүтбаев мемлекеттік құпия мәліметтеді жариялағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ ауазымдық міндетін асыра пайдаланғаны үшін оған 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды. Ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді. Сонымен қатар «генерал-лейтенант» шені мен мемлекеттік марапаттарынан айырылды.

Дәл осындай айыппен Мұратов Райс кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді.

Хасен Нұрлан мемлекеттік құпия мәліметтерді жариялағаны үшін және лауазымдық міндетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік марапаттарынан айырылып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан шеттетілді.

Нұртаев Ерлан мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға сотталды. Ол да мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы мен Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы 2016 жылдың 26 желтоқсанында ұсталған еді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.