ҚҰЛАҚҚАППЕН ƏН ТЫҢДАП БАРА ЖАТҚАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҰРҒЫНДЫ ПОЙЫЗ ҚАҒЫП КЕТТІ

Қызылорданың Белкөл станциясында 40 жастағы азаматты жүк пойызы қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Апат Белкөл станциясындағы теміржол бойында болған.

«20 қазан күні шамамен таңғы сағат 08:19-да «Белкөл» станциясында Қызылорда қаласының тұрғынын жүк пойызы қағып кетті. Тексеру кезінде қаза тапқан ер адам теміржол жолын белгісіз жерден қиып, құлаққаппен әуен тыңдап бара жатқан. Соның салдарынан жүк пойызын көрмей, апатқа ұшыраған», — дейді Қызылорда қаласының ІІД баспасөз қызметі.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған байланысты құқық қорғаушылар өңірдің барлық тұрғындарына темiржол өткелдерiнде сергек, абай болуды ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.