Қытайлықтар зағип жандарға пайдалы жүзік ойлап тапты

Қытайлық  Оrigami компаниясының  өнертапқыштары зағип жандардың тұрмысын жеңілдететін жүзік ойлап тапты. Ол жүзіктің экраны жоқ. Бірақ құлағыңа жақын ұстасаң, қоңырауларға автоматты түрде жауап береді және дыбыстап айту арқылы смартфонның кез келген әрекетін орындай алады. Яғни мәтіндік хабарламаларды қабылдап, жіберуге де қолайлы. Бұл құрылғының өзгелерінен айырмашылғы – жүзіктен шыққан дыбысты тек иесі ғана ести алады. Инженерлердің айтуынша, жаңа аппарат сатылымға 2018 жылдың ақпанында шығады.

Дерексөздер: 24.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.