Мәдени құндылықтар – әскери қызметшілерді тәрбиелеудің жақсы кепілі

Әскери қызметшілерді адами және рухани жағынан байыту, олардың ел тарихы туралы білім деңгейін арттыру мақсатында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери бөлімі әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс істеу қызметі Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының өнерін тамашалауды ұйымдастырды.

 

Әскери қызметшілер мен олардың отбасылары Сәбит Досановтың 1986 жылдың желтоқсанындағы қайғылы оқиғалар негізінде құрылған «Тозақ шеңбері» трагедиясын тамашалады.

Спектакль аяқталғасын әскери қызметшілер атынан бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ақтас Дәулетов театр ұжымына алғыс айтып, шығармашылық табыс тілектерін білдірді.

«Режиссер Қуандық Қасымов пен суретші Қалтөре Жұмақұловқа, сондай-ақ барлық актёрларға зор алғысымызды айтамыз. Жақын арада сіздердің ұжымыңыздың керемет қойылымы мен ойынын тағы да тамашалай аламыз деген үміттеміз», — деді подполковник Ақтас Дәулетов.

Айта кетсек, іс-шара санитарлық нормаларды, қашықтықты және көрермендердің шектеулі санын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.