«НҰРТАС» БПҰ МҮШЕЛЕРІ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Жаңа Қазақстан, ең алдымен жалпыұлттық бірлік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру екенін айқын көрсетеді. Референдум — жаңа Қазақстанды бірге құру идеясын іске асыру жолы. Осындай маңызды идеяны жүзеге асыруда ағарту жұмыстарын жүргізу үшін «НҰРТАС» БПҰ мүшелерімен бүгін кездесу өтті.

Республикалық референдум — Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекет тіршілігінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру болып табылады. Кез келген референдум — азаматтардың белгілі бір мәселе немесе сұрақ бойынша ерік білдіруінің бір түрі. Қазақстанда конституциялық реформа бойынша референдум 5 маусымда өткізіледі.

Кездесу барысында жиналған қауым референдумда дауыс берушілер ретінде оң шешімді күттіретін өзгерістерді қолдап, Жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік алатынын атап, үлкен сенім білдірді. Жаңарған Қазақстанды құру жолында, мемлекет тұжырымдамасын іске асыруда әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.