ОҚО әкімі көшбасшы жастармен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Жас Отан» Жастар қанатының ІV Съезі аясында «Жастар Отанға!» саяси лагеріне арнайы қатысу үшін келген көшбасшы жастармен дөңгелек үстел басында кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуге республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғамы министрлігінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары Тұрар Әбуов, Қазақстанның эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас, журналист, тележүргізуші  Асхат Садырбай, Гарвард бизнес мектебінің түлегі, «Болашақ» қауымдастығының мүшесі   Данат Жумин, 22 жеңіліссіз жекпе жек өткізген кәсіпқой боксшы Жанхош Тұраров, «Global Business Forum» ұйымының директоры Әсел Сыдықова, бірқатар облыстардағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағалары қатысты.
Еліміздегі жастардың басым көпшілігі яғни, 800 мыңдай жастар тұратын Оңтүстік өңірінде «Жастар Отанға!» саяси лагерінің өтуі облыс жастары үшін өте маңызды екенін айтқан аймақ басшысы, еліміздің ертеңі жастарға ағалық ақылын айтты.
Басқосуда жастар өзара пікір алмасып қана қоймай,  Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі туралы сөз қозғап, облыс әкіміне жастарды жұмыспен қамту бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Айта кетейік, Төле би ауданындағы «Алма-Тау» демалыс аймағында өтетін кездесуге барлық өңірлердегі «Жас Отан» жастар қанатының төрағалары мен белсенділері, саясаттанушы, кәсіпкер, спортшы, әнші және жастар саясаты саласының өкілдері жалпы саны 120-дан астам жас қатысатын болады. Осы кездесуде келелі мәселелер айтылып, жастар саясатын дамытудағы оң пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынбақ.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.