ОҚО әкімі өңіріміздің үздік ұстаздарын марапаттады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздің ардагер ұстаздары мен білім саласының мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады.

Облыс әкімі Ж.Түймебаев алдымен ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады. Бұдан кейін облыс әкімі ұстаздармен тақырыптық әңгіме, сұрақ-жауап, жаңартылған білім бағдарламасы мен тәжірибе алмасу сынды тақырыптарда сұхбаттасты. Ардагер ұстаздар да өз пікірлерін білдіріп, аймақ басшысының құттықтауына алғыс білдірді.

Жиын барысында Жансейіт Қансейітұлы 9 ардагер ұстаз бен 26 мұғалімді алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетейік, бүгінде ОҚО-да 638 мың оқушыға 70 мыңға жуық мұғалім сабақ береді. Облыс деңгейіндегі білім саласында ілгерілеушілік бар. Өңірдің дарынды оқушылары республикалық, халықаралық деңгейдегі білім сайыстарында жүлдегер атануда. Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадада облыс командасы бірнеше жыл бойы «Ең үздік олимпиадалық команда» аталымы мен I,  III жүлделі орындарды иеленді. Биылғы тамыз кеңесінде тәжірибелі ұстаздарға пәтер кілттері мен білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары, құрмет грамоталары тапсырылды. Сонымен қатар Мақтаарал ауданындағы «Дарын» мектеп-интернаты мен Қазығұрт ауданындағы Ж.Қаппаров атындағы физика-математикалық  мамандандырылған мектеп-интернаты республикадағы ең үздік білім ұйымдарының ондығына енді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.