ОҚО-да бір апта бойы ардагерлерге тегін медициналық көмек көрсетіледі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Алтын жас — Золотой возраст» атты мерекелік шараға қатысты. Онда өңір басшысы қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, бірқатар ардагерлерді марапаттады.  Орталық саябақта денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада облыстың білікті дәрігерлері қарт кісілерді тегін диагностикалық тексеруден өткізіп, кеңестерін берді. Ардагерлерді сауықтыру ісіне де ерекше мән беріліп келетінін айтқан әкім, дені сау ұрпақ қалыптастыруда жас ұрпаққа үлгі болуды айтты.
«Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және өмір жасын ұзарту – Президент саясатының ең басты міндеттерінің бірі. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің орны біз үшін қашанда бөлек. Саламатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұрпақ қалыптастыруда Сіздер үлгі болуларыңыз қажет», — деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, 30 қыркүйек пен 7 қазан аралығында егде жастағы адамдардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір дағдыларын қалыптастыру мақсатында облыс көлеміндегі аурухана-емханаларда ашық есік күндері өтеді. Ал бір ай көлемінде облыс бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне медицина қызметкерлері үйлеріне барып, қажет көмек көрсететін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.