ОҚО-дан республикалық «Мерейлі отбасы-2018» байқауына екі жанұя қатысады

   Оңтүстік Қазақстанда «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Мерейлі отбасы атанған жеңімпаздарды Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр салтанатты түрде марапаттап, облыс әкімінің дипломы мен қаржылай сыйлығын табыс етті. 

   Сонымен үш кезеңнен тұратын (аудандық, облыстық, республикалық) байқаудың облыстық кезеңінен аудан, қаладан 38 жанұя ұсынылып, оның ішінде 30 отбасы үздік деп танылды. Ал осылардың арасынан Қазығұрт ауданынан келген Мұхтар Момынов пен мақтааралдық Сапаралы Серікбаевтар жанұялары мерейлі отбасы атанып, 1 000 000 теңгеден қаржылай сыйлыққа ие болды. Осылайша, оңтүстікқазақстандық екі отбасы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

   Бұдан бөлек, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық қорытынды кезеңіне қатысқан барлық 28 отбасыға облыс әкімі Ж.Түймебаевтың Алғыс хаты мен 200 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды.

   Елбасы жарлығымен бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының мақсаты бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіру, әсіресе жастарға жеткізу, жарасымды жанұя құндылығын кеңінен насихаттау болып табылады.

                                                                                                               ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.