Оң жақта отырып балалы болған ақтөбелік 40 қыз тастап кеткен жігітімен қайта табысқан

Оң жақта отырып балалы болған ақтөбелік 40 қыз тастап кеткен жігітімен қайта табысқан, деп жазады AktobeNews  сайтына сілтеме жасап, NUR kz.

Ақтөбедегі «Аналар үйі» орталығында үш жылда 100-ден аса жалғызбасты ана тұрған. Тастанды сәбилер санын азайту мақсатында жұмыс жасап тұрған орталық перзентханалармен тығыз жұмыс жасайды.

АҚТӨБЕДЕГІ АНАЛАР ҮЙІ. ФОТО: AKTOBEGAZETI.KZ

Күйзеліске түсіп, баласынан бас тартқан аналармен бірден жұмыс жүргізіледі. Нәтиже бар.

«Жұмыс жасап тұрғанымызға үш жыл болды. Ашылғалы 102 ана баласымен бізде тұрып кетті. Бұл дегеніңіз, үш жылдың ішінде 102 бала жетімдіктен құтқарылды деген сөз. Қыз-келіншектерге психологиялық көмектер көрсетіледі. Олардың осында арнайы курстардан сабақ алуына мүмкіндік жасалған.

Бізден шыққаннан кейін күнін көру үшін мамандық алып кетуіне жағдай жасалған. Үш жыл ішінде 40 анамызды тұрмысқа шығардық. Балаларының әкелерімен қостық», — дейді «Аналар үйі» орталығының үйлестірушісі Таңсұлу Лақова.

Орталықта қазір онға жуық адам тұрып жатыр. Қамқорлыққа мұқтаж қыздардың дені сүйген жігітінен алданып қалғандар.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.