Пәкістанда 13 адам суға батып кетті

Пәкістанның Карачи қаласының маңында 13 адам суға батып кетті, деп жазады 24.kz.

Қаза тапқандардың 8-і – бір жанұяның мүшесі. Марқұмдардың арасында екі әйел бар. Оқиға портты шаһар шетіндегі Хокс-Бей жағажайында болды. Демалушылар күн ыстықта салқындау үшін Аравия теңізінің қауіпті тұсына барып, суға түскен. Бірақ полиция олар жағажайға бара жатқанда тоқтатып, ескерткен. Өйткені бұл кезде айдында маусымдық мезгіл болғандықтан толқын тұрған. Ал жергілікті билік теңіздің бұл тұсында жыл сайын адам өліміне әкелетін қайғылы оқиғалар қайталанып отыратынын айтады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.