ПАРАСАТ ЖОЛЫ: «ЖАҚҰТ СӨЗБЕН ӨРІЛГЕН ЖАУҺАР ЖЫРЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДЕБИ САҒАТ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен ашылған кітапханалардағы «Парасат жолы» орталықтарында қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылуда.
Кезекті кездесу Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің «Парасат жолы» орталығында қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Е.Бекбосыновпен ұйымдастырылды.
Штаб мүшесі Ермек Бекбосынов кітапхана қызметкерлеріне жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалар мен олардың жүзеге асырылу барысынан, заңнамаға енгізілген өзгерістерден хабардар етті.
Сондай-ақ спикер ұжымдағы парасаттылық құндылықтарына тоқталып, адамның көңілі таза, шыншыл, адал жұмыс жасағанда әділдікке қол жеткізетіндігін атап өтті.
Кездесуде аталған тақырыпта қатысушылардың пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауаптар берілді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №8 және №15 кітапхана бөлімшелерінің ұйымдастыруымен белгілі қазақ ақыны Тұрсынхан Әбдірахманованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жақұт сөзбен өрілген жауһар жырлар» тақырыбында әдеби сағат өтті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.