ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «200 КЕЗДЕСУ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында «200 кездесу» жобасы қолға алынды.
Аталған шаралар барысында Департамент, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері мен дін өкілдері түрлі сала өкілдерімен кездесуде.
Бір ай көлемінде 30-дан астам мекемелердің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, мәдениет, білім, жұмыспен қамту салаларының өкілдері мен жастар қамтылды.
Кездесулерде жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралар, оның ішінде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы мен комплаенс-қызметтер институты, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі хабарланды.
Қатысушыларға 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылды.
Жиында еңбек ұжымдарында парасаттылық қағидаттарын – адалдық, әділдік, әдептілік құндылықтарын енгізуге баса назар аударылды.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығының жұмыс істейтіндігі хабарланды.
Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат осы номерге хабарласа алады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.