ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, пікір алмасу болды. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д.Қожамжарова, қалалық мәслихат депутаттары Ш.Қозбахов, Қ.Имашев, партиялық бақылау комиссия мүшесі Н.Ешенқұлов, Әл-Фараби аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Д.Баширов, аталмыш комиисия төрайымының орынбасары Б.Қуанышбеков, комиссия мүшесі Е.Серкебаев және тағы басқалар қатысты.
Отырысты М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, қалалық мәслихат депутаты, Шымкент қалалық партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Д.Қожамжарова жүргізді. Алғашқы болып баяндама жасаған партиялық бақылау комиссия мүшесі Н.Ешенқұлов білім күні барша қазақстандықтарға арнаған Жолдаудағы бес бағытқа тоқталып, кеңінен ой білдірді.
Жиын соңында Астанада өткен партияның кезектен тыс XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы туралы сөз қозғалды. Съезд делегаттары Ж.Бектаева, Қ.Имашев, Ш.Қозбахов Халықтық коалиция туралы әңгімеледі. Басқосуды қортындылай келе алдағы саяси науқанда, яғни кезектен тыс Президент сайлауында әрбір қазақстандық еліміздің болашағы үшін жауапты екенін сезініп, жаңа Қазақстанды құруға атсалысуы керек екені айтылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.