Петропавлда көлік аялдамаға соғылып, 5 жасар бала зардап шекті

QAZYGURT.KZ: Петропавлда мас жүргізуші көлігімен аялдамаға соғылды. Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға демалыс күндері болған. BMW жүргізушісі өзге көлікті басып озбақ болып  автобус аялдамасына соғылған. «Салдарынан аялдамада тұрған үш адам жарақаттанды. Олар: 63 жастағы ер адам, 61 жастағы әйел және 5 жасар қыз. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң олар үйлеріне жіберілген. BMW көлігін Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны басқарған. Медициналық тексеріс актісіне сәйкес, жүргізуші мас күйде болған», — делінген хабарламада. Тиісті сараптамалар белгіленді. Олардың нәтижесі бойынша материалдар сотқа беріледі.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.