Премьер-министрдің былығын әшкерелеген журналисті жарып жіберді

Мальтада журналист, «Панама қағаздары» құпия құжаттарының негізінде елдің премьер-министрі Джозеф Мускаттың отбасын коррупциялық қылмыс жасады деп айыптаған Дафне Каруана Галиция қаза тапты. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Журналист 16 қазанда үйінен шыққан соң ұзамай көлігі жарылған.

Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. The Times of Malta басылымының жазуынша, журналист қаза табарынан бірнеше күн бұрын полицияға өзіне доқ көрсетілгенін хабарлаған.

Премьер-министр Джозеф Мускат Каруана Мальта АҚШ Федералдық тергеу бюросынан оқиғаны тергеуде көмек көрсетуді сұрағанын мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.