Роналду әріптестеріне «Манчестер Юнайтедке» ауысқысы келетінін айтты

Роналду әріптестеріне «Манчестер Юнайтедке» ауысқысы келетінін айтты. Ол «Реал» президенті Перестің сөзінде тұрмағаны үшін наразылық білдіріп отыр. Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду  жазда командадан кетуге ниетті. Бұл туралы шетелдік БАҚ сілтеме жасаған, kaz.vesti.kz сайты хабарлайды.

Дереккөздің мәліметі бойынша португалялық футболшы бұл туралы командалас әріптестерінің кейбіріне айтып қойған. Роналду «Манчестер Юнайтед» клубына ауысқысы келіп отыр. Дәл осы клубтан ол 2009 жылы «корольдық клубка» ауысқан. Ағылшындық клуб Роналдоның бұл ниеті туралы хабардар.

Криштиану Роналду клуб басшыларының сөздерінде тұрмағанына наразы. «Реал» президенті Флорентино Перес күзде Роналдуға жалақысын көбейтуді уәде еткен. Бірақ бұл уәдесінде тұрған жоқ.

Бұған дейін Роналдоның басқа футболшыларға қарағанда алатын жалақысы аздығына көңілі толмайтындығын айтылды. Португалия құрамасының шабуылшысы жылына 21 миллион еуро алады.

Жоғары жалақы алатын футболшылар арасында ол қазір 5 орынға жайғасқан.
Мысалыға алар болсақ «Барселона» шабуылшы  Лионель Месси жылына 50 миллион алса, ал «ПСЖ» шабуылшысы Неймардың жылдық алатын жалақысы 36 миллион еуро.
Роналдудың қазір «Реалмен» 2021 жылға дейін келісімшарты бар. 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.