Сәби 3 жасқа дейін анасымен бірге жатуы тиіс

Әкелер үшін жайсыз жаңалық! Ғалымдардың айтуынша, сәби кем дегенде үш жасқа дейін анасының жанында ұйықтауы тиіс. Себебі бұл жайт олардың жүрегінің жұмысын жақсартады.
Бұл туралы шетелдік Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Зерттеу жүргізген дәрігерлер жаңа туған сәбиді анасының құшағына және төсекке жатқызып, салыстырып көрген. Нәтижесінде анасының құшағында жатқан сәби ұзағырақ әрі тыныш ұйықтаған, ал төсекте жатқан нәрестенің мазасы қашып, жүрек соғысы жиілей түскен. Төсекте жатқан 16 баланың тек төртеуі тыныш ұйқыға батса, қалғандары жайсыз сезінген.
Оңтүстік Африка университетінің дәрігері Нильс Бергманның айтуынша, алғашқы бірнеше аптада сәби анасының құшағында, ал одан кейін кемі 3-4 жасқа дейін анасымен бір төсекте жатуы тиіс.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.